Факты истории

Біздің елде келісімшарт бойынша қызметкерлер институтын енгізгісі келеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаевтың айтуынша, Қазақстанда келісімшарттық қызметкерлер институтын енгізгісі келеді, деп zakon.kz «ҚазАқпарат»ХАА-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Іріктеу рәсімдерін одан әрі жетілдіру кезінде (Мемлекеттік қызметке) кандидаттардың кәсіби және жеке құзыреттерін, оның ішінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, бағалауға назар аударылатын болады, — деп хабарлады ол ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жекелеген саяси лауазымдарға үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін ассесмент — орталық құру жоспарлануда, — деп толықтырды Жазықбаев.

Бұдан басқа, атап өтілгендей, келісімшарттық қызметшілер институты енгізіледі — бұл мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар кәсіпқойларды тартуға мүмкіндік береді.

Ещё в ленте

Все новости