Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Біздің ел Өзбекстанмен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты жандандырады

5 года назад
Ресей ҚП мүшелері мен еліміздің қоғамшылдары сайлауды бақылау тәжірибесімен бөлісті

Бүгін Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отыра.

Келіссөздер барысында денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. Елдердегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы пікір алмасылды, COVID-19 жаңа инфекциясына қарсы күрес бойынша қабылданған шараларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Эпидемия мен індет жағдайында жедел ден қою және өзара іс-қимыл жасау бойынша бірлескен тиімді шаралар әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Кездесу барысында тараптар жоғары технологиялық көмек көрсету, вакциналық алдын алу, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, ақпараттық технологияларды, фармацияны енгізу бойынша өзара іс-қимылды жолға қою, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібінде кооперациялық жобаларды құруды пысықтау, медициналық денсаулық сақтау мәселелері бойынша қызметтер көрсету және т. б. денсаулық сақтаудың перспективалы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Сөйлесу барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Өзбекстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ екі мемлекеттің президенттік мектептері арасында тәжірибе алмаса бастауды, жалпы білім беру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Кездесудің қорытындысында Ералы Тоғжанов Өзбекстан Премьер-Министріне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, өзбек тарапын Қазақстанға жауап сапарымен келуге шақырды.

Новости СМИ2
Алдыңғы

ЕЭК Кеңесі отырыстың қорытындысын шығарды

Келесі

Ақмола облысының әйел полицейлері ҚР ІІМ министрінен құрмет грамоталарын алды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.