- Ақмола облысының әйел полицейлері ҚР ІІМ министрінен құрмет грамоталарын алд
Ақмолалық облысының полиция басшысы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Аналар кеңесі мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңірдің полиция департаментінде ведомствода жұмыс істейтін әйелдерді құттықтау рәсімі өтті. Іс-шараға Департамент бастығының орынбасары полковник Бақытжан Ералин, ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев қатысты. Полиция департаменті жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері де іс-шараның құрметті қонақтары болды.
“Ақмола Департаменті жанынан құрылған Аналар кеңесі Қазақстандағы полиция ведомствосы жанындағы алғашқы және әзірге жалғыз осындай орган болып табылады. Аналар кеңесінің құрамында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жесірлері бар”, — деп хабарлады ведомстводан. Генерал Арманбек Баймурзин кеңестің полиция қызметкерлерінің жас буынына адамгершілік, рухани және патриоттық тәрбие беруге қосқан ерекше үлесін атап өтті. Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде Аналар кеңесінің белсенді көмегі атап өтілді.
Полиция басшысы қаза тапқан полицейлердің жесірлеріне 8 наурызда ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қолы қойылған құттықтаулар мен департаменттің Алғыс хаттарын табыс етті. Бұл күні ювеналді полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы, жедел әрекет етудің арнайы жасағы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, кадр саясаты басқармасы және жергілікті полиция қызметі, штаб-басқарма, ақпараттық-талдау орталығы, анықтау органдары және басқа да қызметтер қызметкерлерін марапаттады. Өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, погонды әйелдердің жеке тәртібі үшін ҚР ІІМ министрі генерал-лейтенант Ерланның Құрмет грамоталарымен марапатталды.