Елордалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асқар Әбішев Bek Air әуекомпаниясынан болмаған рейс билетінің ақшасын қалай өндіріп алу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Оның айтуынша, қазір сот орындаушыларымен Bek Air әуе тасымалдаушысынан сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару механизмі ойластырылуда. Ол компанияның барлық лицензиялары қайтарылып алынғанын, барлық активтерін тұтқындалғанын атап өтті.
Енді сотқа болмаған рейстің билеттері үшін азаматтарға ақша қаражатын қайтару туралы талап-арыздардың екінші толқыны жіберіледі. Сот шешім қабылдағаннан кейін, Bek Air клиенттерінің пайдасына өндіріп алу процесі басталады.
Азаматтар билеттерінің өтемақысын қашан ала алатынын Асқар Әбішев әзірше айта алмайды, өйткені әртүрлі сот процедуралары бар, процестің өзі осы жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін.
“Біз сотты жеңе аламыз, ал олар апелляцияға бере алады. Мұның барлығы жыл соңына дейін созылуы мүмкін”, – деп түсіндірді Әбішев.
Сонымен қатар, Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне Bek Air компаниясының клиенттерінен жойылған рейс билеттері үшін ақшасын қайтарып алмағаны туралы өтініштер түсуде.
Өткен жылдың 27 желтоқсанында Алматы облысында Bek Air компаниясының әуе кемесі апатқа ұшырады. Әуе апатынан 13 адам қаза тауып, 50-ден астам адам дене жарақатын алды.
Сурет: zakon.kz