Теңіз кен орнын коронавирустық инфекцияға байланысты жабуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады.
Бүгінгі таңда Теңізде коронавирустың 935 жағдайы ресми түрде расталды.
Бас санврач коронавирустық инфекциямен ауру деңгейінің жоғарылауына байланысты, ауру жағдайларын азайту мақсатында, кен орнында жұмыс жоспары мен кестесі қабылданғанын атап өтті. Есмағамбетова егер бұл мақсатқа жете алмаған жағдайда, Теңіз кен орны жабылуы мүмкін екенін атап өтті.
Оның айтуынша, қазір жабық жұмыс ұжымдарында коронавирус ауруының өсуі байқалады. Шымкентте медицина қызметкерлері “ПетроҚазақстан Ойл Продакшн” компаниясының коронавируспен ауырған 30-ға жуық қызметкерін тіркеді. Қарағанды облысында орналасқан “Қазақмыс” кенішінде 34 ауру жағдайы расталды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирусты жұқтырудың 6969 жағдайы тіркелді, ал 3649 адам бұл аурудан емделді.
Сурет: zakon.kz