Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Балалар әл-ауқатының қазақстандық индексін енгізу бойынша жоба басталды

5 года назад
Стартовал проект по внедрению казахстанского Индекса детского благополучия

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және экономикалық зерттеулер институты балаларға арналған бюджет әдіснамасын және балалар әл-ауқатының қазақстандық индексін енгізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат», Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра.

Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі Балалар әл-ауқатының индексін әзірлей бастады. «Индекстің мақсаты — түрлі салада балалардың жағдайын жақсарту. Индекс еліміздің балаларының жалпы және жеке бағыттар бойынша жағдайлары қаншалықты жақсы екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өңірлер аралығында әртүрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді. Индексті есептеу үшін елдің ең өзекті көрсеткіштері іріктелетін болады. Индекс халықтан алынатын сауалнаманың шынайы нәтижелері және ҚР ресми статистикасы дереккөзі болып табылатын субъективті деректерден тұратын болады. Үш жақты іс-шаралар жоспарына қол қою бірлескен жобаны бастауға мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз — Қазақстан Республикасында балалардың өмірін жақсарту бойынша мемлекеттік саясатта шешімдер қабылдау мақсатында ЮНИСЕФ Инноченти зерттеу кеңсесінің жаһандық әдіснамасына негізделген бейімделген индекс моделін әзірлеу», — деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев. Өз кезегінде Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен балаларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – ЮНИСЕФ-тің ең маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «2022 жылға қарай балалардың әл-ауқаты индексін жүзеге асыру еліміздегі балалардың жағдайын тұрақты түрде бақылауға және объективті көрсеткіштерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Балалардың әл-ауқатының ұлттық мониторингі жүйесі Қазақстан үшін маңызды жоба болып табылады. 2022 жылға қарай балалардың әл-ауқаты индексінің іске қосылуы еліміздегі балалардың жағдайын тұрақты түрде бақылауға және шынайы көрсеткіштерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Балалардың әл-ауқатының ұлттық мониторингі жүйесі Қазақстан үшін маңызды жоба болып табылады. Индекс балалардың өмір сүру сапасының өзгерісін көрсетеді және олар бойынша мәселе бар жерлерді көрсете алады», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 22 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында 2022 жылдан бастап Ұлттық мониторингтік тетік — Балалар әл-ауқаты индексін әзірлеп, енгізуді тапсырған болатын.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері шекаралас аудандардағы қылмыстық жағдайды жақсарту мәселесін талқылады

Келесі

Біздің елде коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.