ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және экономикалық зерттеулер институты балаларға арналған бюджет әдіснамасын және балалар әл-ауқатының қазақстандық индексін енгізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра.
Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі Балалар әл-ауқатының индексін әзірлей бастады. “Индекстің мақсаты – түрлі салада балалардың жағдайын жақсарту. Индекс еліміздің балаларының жалпы және жеке бағыттар бойынша жағдайлары қаншалықты жақсы екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өңірлер аралығында әртүрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді. Индексті есептеу үшін елдің ең өзекті көрсеткіштері іріктелетін болады. Индекс халықтан алынатын сауалнаманың шынайы нәтижелері және ҚР ресми статистикасы дереккөзі болып табылатын субъективті деректерден тұратын болады. Үш жақты іс-шаралар жоспарына қол қою бірлескен жобаны бастауға мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстан Республикасында балалардың өмірін жақсарту бойынша мемлекеттік саясатта шешімдер қабылдау мақсатында ЮНИСЕФ Инноченти зерттеу кеңсесінің жаһандық әдіснамасына негізделген бейімделген индекс моделін әзірлеу”, – деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев. Өз кезегінде Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен балаларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – ЮНИСЕФ-тің ең маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. “2022 жылға қарай балалардың әл-ауқаты индексін жүзеге асыру еліміздегі балалардың жағдайын тұрақты түрде бақылауға және объективті көрсеткіштерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Балалардың әл-ауқатының ұлттық мониторингі жүйесі Қазақстан үшін маңызды жоба болып табылады. 2022 жылға қарай балалардың әл-ауқаты индексінің іске қосылуы еліміздегі балалардың жағдайын тұрақты түрде бақылауға және шынайы көрсеткіштерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Балалардың әл-ауқатының ұлттық мониторингі жүйесі Қазақстан үшін маңызды жоба болып табылады. Индекс балалардың өмір сүру сапасының өзгерісін көрсетеді және олар бойынша мәселе бар жерлерді көрсете алады”, – деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 22 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында 2022 жылдан бастап Ұлттық мониторингтік тетік — Балалар әл-ауқаты индексін әзірлеп, енгізуді тапсырған болатын.