Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінің тәрбиешісі балалармен қатыгездік жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сот әйелді кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағанына және балаларға қатыгездікпен қарағанына кінәлі деп таныды. Сотталушы өз кінәсін мойындады, бірақ өкіш білдірмеді.
Ол 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ сот оған үш жыл бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салды.
Ата-аналарды ашуландырған оқиға, 2018 жылдың қараша айында Ақтөбе облысының Бадамша ауылындғы балабақшада болды.Бірақ ол туралы, 2019 жылдың ақпан айында, айқайлап, балалардың құлағынан тартып, оларды басынан ұрып, әліпбиге үйретуге тырысқан тәрбиеші туралы бейнежазба ғаламторда орналастырылғаннан кейін білдік.
Сурет: zakon.kz