Нөсерлі кәріз құдығының люгінің үстінен өткен жүргізуші, қызмет көрсетуші компаниядан 3 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының сайты.
Оқиға өткен жылдың мамыр айында орын алған. Елорда тұрғыны полицияға жол-көлік оқиғасы туралы арызданған. Ол люкті басып өтіп, BMW маркалы автокөлігіне қатты зақым келтірген.
Автомобильге техникалық зақым келтіру салдарынан щыққан шығын 2 млн 993 мың 891 теңгені құрады,бұл бағалау туралы есеппен расталған. Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен “Астана Тазалық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жүргізуші пайдасына шығын сомасы өндірілді. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұл жол көлік оқиғасы тағы да жалпы ашық люктер жағдайын көрсетеді. Астанада еріктілер, бірнеше өлім-жітім оқиғасынан кейін, ашық құдықтарды жабуға тырысуда.
Сурет: nvdaily.ru