Байқоңырда жұқпалы аурулар ауруханасы Ресейдің Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің базасында орналасқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.
Бұған дейін брифинг барысында Қызылорда облысы әкімдігі ашқан аурухана неге науқастардың көбеюін жеңе алмады деген сұрақ айтылған болатын.
“Байқоңырда жұқпалы аурулар ауруханасы Ресейдің Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің базасында ашылған. Онда жұқпалы төсек бар. Біз мемлекеттік тапсырысты медициналық сақтандыру қоры арқылы орналастырамыз. Бұл біздің азаматтарымыз және мемлекеттік тапсырысты орналастырамыз”, – деп түсіндірді Гиният.
Сондай-ақ, қазақстандық көп салалы ауруханада провизорлық стационар орналасқан.
“Қазір онда 36 төсек бар. Сондықтан, ФМБА ауруханасының мүмкіндігі мен қуаттылығына ие бола отырып, онда инфекциялық ауруларды орналастырамыз”, – деді вице-министр.
Сондай-ақ, Гиният Байқоңырда коронавируспен ауыратын науқастар мемлекет статистикасында ескерілмейді деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Байқоңыр бойынша науқас және қайтыс болған қазақстандықтардың статистикасы Қызылорда облысының облыстық басқармасына өтуде”, – деді ол.