Нұр-Сұлтан қадағалау органында азаматтық активист Дулат Агадилдің өліміне байланысаты тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz ақпараттық ресурсы.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, белсендінің қайтыс болу себептерін анықтаумен сот-медициналық сарапшылар мен кардиологтар комиссиясы айналысты.
Нәтижесінде комиссия мүшелері Дулат Агадилдің өлімінің себебі жіті миокард инфарктісі болып табылады деп шешті. Денесінде зақым болған жоқ.
Сондықтан, елордалық прокуратурада атап өткендей, Ағадилдің қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сондай-ақ, қадағалау органы азаматтық белсендіні ұстау республикамыздың заңнамасына сәйкес жүргізілгенін атап өтті.
Бұған дейін ағымдағы жылдың 24 ақпанында Ішкі істер органдарының қызметкерлері Дулат Ағадилді ұстап, оны тергеу изоляторына отырғызып, бір тәуліктен кейін оның қайтыс болғанын хабарлады.
Кейін азаматтық белсендінің достары мен туыстарының сараптамалық комиссияның құрамын кеңейту туралы берген өтініші қанағаттандырылды.
Сурет: tengrinews.kz