ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп zakon.kz хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, ол “Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы” 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулыға өзгеріс енгізді”:
– анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеу;
– №59 АМСБ 1-қосымшасында 5-тармақ алынып тасталсын, онда “келген Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады”делінген.
Сондай-ақ, ол “Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы”2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулыға өзгеріс енгізді.
Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды, – делінген құжатта.
Сонымен қатар, “Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы” 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулыға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
– халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында осы әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкес жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі;
– егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып қалыптастырылады – 300 егуден аспайды. Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: дәрігер-1, егу медбикесі – 1 және қажет болған жағдайда тіркеуші – 1 кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда) – 1, егу медбикесі – 1, қажет болған жағдайда тіркеуші – 1 егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі.”;
– вакцинация жүргізу барысында медициналық ұйымдар, көшпелі/жылжымалы егу бригадалары жүргізілген егулер, бас тартулар, медициналық бұрулар және вакцинаны пайдалану туралы ақпаратты медициналық ақпараттық жүйенің (АЖ) “Вакцинация” модуліне күн сайын енгізеді.
“Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК АЖ деректерінің негізінде Комитетке өңірлер бөлінісінде жиынтық ақпаратты осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес күн сайын келесі күні 07:00-ге дейін ұсынады.
Осы қаулы 2021 жылғы 14 сәуір сағат 00-ден бастап күшіне енеді.