Михаил Кукушкиннің португалдық Жоао Соузаны және жалпы Қазақстан командасының португалдықтарды жеңуі нәтижесінде Қазақстан құрамасы үлкен теннистен финалдық турнирге шықты
Астанада Қазақстан мен Португалия командалары арасындағы Дэвис Кубогының бірінші раундының матчы өтті. Қазақстандықтар португалдық спортшыларды жеңді. Кездесу 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды “SPORTINFORM”спорт агенттігі.
Бұған дейін қазақстандық теннисшілер Александр Бубликтің Жоао Соузоны және Михаил Кукушкин Педро Соузоны ұтып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин жұбы Жоау Соузе мен Гаштау Элиаштаннан ұтылды. Осыдан кейін есеп 2:1 болды.
Кукушкин Жоао Соузаны 2 сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Португалдықтың алдыңғы екі матчта 3 сеттен ойнағаны теріс әсер етті, бүгін бұл оның екінші ойыны, ал 2 күнде – үшінші.
Турнирдің негізгі кезеңі маусым соңында бір апта бойы өткізіледі. Мадридтегі жарыстарда 18 құрама команда ойнайды: Дэвис — 2018 кубогының 4 жартылай финалистері (Хорватия, Франция, Испания, АҚШ), екі ел — “уайлд-кард” иегерлері (Аргентина, Ұлыбритания) және қазақстандық құраманы қоса алғанда, біліктілігі бойынша жеңген 12 команда.
Сурет: zakon.kz