Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Халықаралық жаңалықтар

Қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдерін қорғау үшін банкте арнайы есеп шоташу қажет

7 года назад
Для защиты своих социальных выплат казахстанцам нужно открывать специальный счет в банке

Қазақстан Республикасының заңнамасында жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, алименттерді және басқа да төлемдерді есептеуге арналған шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салу көзделген. Осыған байланысты қандай да бір әлеуметтік төлемдер алатын азаматтарға осындай арнайы шоттар ашу ұсынылады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

ҚР ҰБ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес банктен қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы ақшасынан даусыз төлемді талап ету арқылы өндіріп алу құқығы бар.

Бұл ретте, мұндай өндіріп алу, оның ағымдағы шотындағы ақша сомасының немесе кейіннен қарыз алушының банктік шотына түсетін ақшаның әрбір сомасының 50% алумен шектеледі.2017 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде банктер аталған заңнама талаптарын бұзуға жол берді. Бұл ретте, кейбір банктер қарыз алушының келісімінсіз, қарыз бойынша мерзімі өткен берешек сомасына ақшаны өндіріп алуды төлем ордері негізінде клиенттің ақшасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде ақшаны есептен шығару бойынша шектеуді сақтамай жүзеге асырды, бұл үшін банктерге тиісті ықпал ету шаралары қолданылған.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді немесе ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесіне қарыз алушының келісімінсіз қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін төлем ордерін пайдалану банктерінің практикасында болдырмау үшін өзгерістер енгізілді және қазіргі уақытта қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті есептен шығару үшін төлем ордерін қолдануға банктік шот иесінің есептен шығаруға жеке өкімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.Сондай-ақ 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының төлем талабы негізінде, қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кем емес сомада ақшаны өндіріп алу кезінде жеке тұлғаның ағымдағы шоттарында сақтауға қатысты нормалары енгізілетін болады. Осылайша, қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті төлем талабы негізінде 50% шегінде өндіріп алу кезінде банктік шотта ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кем емес сомада ақша қалуы тиіс.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған алименттерді, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ ақшаларын, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақтаушы салымдарын есептеуге арналған шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салу көзделген.

Сондай-ақ заңнамада ақшаны есепке алу мақсаттары үшін «арнайы» шоттар ашу тәртібі белгіленген.

Ұлттық Банкке қаржы қызметтерін тұтынушылардан жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және алименттерден ақшаны есептен шығару туралы шағымдары түсті. Өтініштерді қарау кезінде көрсетілген төлемдер есептелген банк шоттарын қарыз алушының, өндіріп алуға тыйым салынатын, «арнайы» шоттар режимінде ашпағаны анықталды.

«Маңызды! Егер Сіз кәмелеттік жасқа толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді, алименттерді алушы болсаңыз, онда бұл жағдайда Сізге «арнайы» шот ашу қажет», – деп атап өтті Ұлттық Банкте.

Сурет: Kazpravda.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан астанасында полиция Ресей азаматына көмектесті

Келесі

Астана медицина университетінің ректоры лауазымына үміткерлер онлайн-әңгімелесуден өтті

Ұсынамыз Пост

Италияда арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қаза тапты
Халықаралық жаңалықтар

Италияда арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қаза тапты

24/05/2021 09:32

Италияның солтүстігінде Пьемонт аймағында арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Corriere della Sera сайтына сілтеме жасап. Тоғыз және бес жастағы екі бала ауыр жарақат алып, ауруханаға тікұшақтармен жеткізілді. Қайтыс болғандардың арасында германиялық туристер бар екені хабарланды. Қайғылы оқиға...

ТМД-да ынтымақтастықты одан әрі дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Халықаралық жаңалықтар

ТМД-да ынтымақтастықты одан әрі дамыту тұжырымдамасы бекітілді

11/12/2020 09:44

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Сыртқы істер министрліктерінің басшылары бейнеконференция режимінде өткен отырыс барысында серіктестіктің негізгі бағыттарының тұжырымдамасын қабылдады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелерді қарастырды. Бұл туралы Қазақстан СІМ-де айтылды. Бейне кездесу барысында қатысушылар КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекцияның таралуының қолайсыз салдарын еңсеру...

ТМД елдерінің іскер топтары нормативтік құжаттарды қайта қарауды ұсынады
Халықаралық жаңалықтар

ТМД елдерінің іскер топтары нормативтік құжаттарды қайта қарауды ұсынады

11/09/2020 12:57

Бейнеконференция режимінде ТМД-ға қатысушы елдердің сауда палаталары басшылары кеңесі мүшелерінің 18-ші отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Сабр Есімбеков сөз сөйледі. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің баспасөз бөлімінде айтылды. Достастық елдерінің СӨП төрағаларының сөз сөйлеуі кезінде...

Қазақстан ТМД елдерінің тауар өткізу жүйелерін біріктіруді ұсынды
Халықаралық жаңалықтар

Қазақстан ТМД елдерінің тауар өткізу жүйелерін біріктіруді ұсынды

10/09/2020 12:59

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов бейнеконференция режимінде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық форумының отырысына қатысты. Бұл туралы Kazakhstan Today хабарлады. Форумда сөз сөйлеген министр өткен жылдың нәтижелері бойынша сыртқы сауданың жиынтық көлеміндегі ТМД-ға қатысушы елдердің тауар айналымының...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.