Бүгін Ресейдің “Алабино” полигонында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларының екінші экипаждары бақ сынасты.
Екінші танк жарысында біздің әскери қызметшілер тағы да тамаша нәтиже көрсетті. Олар белгіленген бағыттан сенімді өтіп, барлық мақсаттарға қол жеткізді. Тек ресейлік әріптестеріне жол беріп, екінші орынға ие болды. Үшінші орында Қырғызстан, төртінші орында Өзбекстан танкистері.
Сонымен қатар, кешегі жарыста да қазақстандық команданың бірінші экипажы екінші орынға сенімді ие болды.
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері үшін жеке жарыс кезеңі 27 тамызда аяқталады. Бұл күні біздің команданың үшінші экипажы жартылай финалға шығуға тырысады.
Біздің мемлекетіміздің қорғаныс ведомствосының айтуынша, қазақстандық әскери құрамада танк жарысында жүлделі орындарға ие болуға барлық мүмкіндік бар.
“Танк биатлоны “- ең қызықты халықаралық әскери ойындары байқауы, ол дәстүрлі түрде Мәскеу облысындағы Алабино оқу-тактикалық кешенінің аумағында өтеді.
Сурет: mail.kz