Биылғы жылы біздің республикада “Бірінші жұмыс орны” жобасы іске қосылады, оның аясында отандық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері 2 жыл мерзімге жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы Қазақстан үкіметтің басшысының баспасөз қызметі хабарлады .
Осы жобаға сәйкес, жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен “Еңбек” бағдарламасына қатысушыны тұрақты жұмысқа орналастыру туралы келісім-шарт жасасады. Бұл ретте түлектердің еңбекақысының мөлшері 50,5 мың теңге, яғни 20 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс .
Жобаға жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады, алайда көп балалы отбасы мүшелеріне басымдық беріледі.
Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыруға қатысты тағы бір жоба іске қосылады. Бұл “Ұрпақтар келісім-шарты” жобасы, оның аясында жас маман зейнеткерлікке шыққан жұмыс істеп жүрген қызметкерді ауыстыра отырып, жұмыс алады.
Бұл жобаның ерекшелігі – жас маман жұмысқа 6 айға дейін 50,5 мың теңге көлемінде жалақы алуында. Келісім-шартының мерзімі аяқталғаннан кейін, маман тәлімгердің еңбекақысымен тұрақты жұмысқа ауыстырылады.
Сурет: unity.ru