ҚР Ұлттық Банкінде валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2018 жылдың 15 желтоқсанында аяқталатынын еске салды, Informбюро.kz.
Қайта қаржыландыру бағдарламасына 300 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, екінші деңгейлі банктер 156 млрд теңгеден астам қарыз алушылардың қарызын «кешіреді».
ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев қарызды қайта қаржыландыру кезінде, жекелеген банктер сыйақы мөлшерлемесін төмендету, қарызды өтеудің жеңілдікті кезеңін ұсыну, қарыз мерзімін ұлғайту түріндегі үздік шарттарды ұсынатынын хабарлады.
«Бұрын капиталдандырылған сомаларды шегергендегі қарыздың негізгі борышының қалдығы жылдық 3% – дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландыруға жатады», – деп атап өтті Александр Терентьев.
Бағдарлама қарыз алушының барлық борышын толық есептен шығаруды көздемейді.
Александр Терентьевтің айтуынша, бағдарламаның арқасында 25 000-нан астам қазақстандық отбасы (2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша) өзінің жалғыз баспанасын сақтап, қарыз жүктемесін 40% – дан астам төмендетуге мүмкіндік алды.
«Ұлттық банктің қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататын қарыз алушылардың 400 млн.теңгеге мемлекеттік баж салығы сомасы бойынша берешегі және 14,6 млрд. теңгеге проблемалық валюталық қарыздар бойынша бағамдық айырма есептен шығарылды. Банктер сыйақы, өсімпұл (тұрақсыздық айыбы) және 20 млрд теңгеге жуық сомаға комиссиялар бойынша берешекті төледі», – деді Александр Терентьев.
Бағдарлама бойынша жеке тұлғалардың шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылады. Валюталық қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен аударылады (бір доллар үшін 188,35 теңге). Әлеуметтік осал санатқа жататын қарыз алушылар үшін қайта қаржыландыру жылдық 3% сыйақы ставкасы бойынша жүзеге асырылады.
Бағамдық айырма сомасы (шамамен 156 млрд теңге) Ұлттық банктің қаражаты есебінен өтеледі, қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша 136 млрд теңгеден астам соманы банктер есептен шығарады.
Бағдарлама жеке тұлғалардың 22 мыңға жуық валюталық қарыздарын қосымша қамтиды.
Сондай-ақ, Александр Терентьев валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2018 жылдың 15 желтоқсанында аяқталады.
2018 жылдың 11 қазанында қаржы реттегіште 3460 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды.