Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де Қазақстанда Президент лауазымына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады, деп хабарлайды sputnik.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» басқарушы партиясынан ұсынылды. «Ұлы дала Қырандары» партиясының атынан Садыбек Түгел қатысады. Амангелді Таспихов кәсіподақ өкілі, Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясынан үміткер. Сондай-ақ Президент лауазымына «Ауыл» партиясынан Төулетай Рахымбеков, «ҚКХП» партиясынан Жамбыл Ахметбеков және Ұлт тағдыры партиясынан Әміржан Қосанов өз кандидатураларын ұсынды.
Үгіт сағат 18: 00 басталады және 7 маусымға дейін жалғасады.
8 маусым тыныштық күні деп жарияланады.
Әр кандидаттың үгіт-насихат бағдарламасына 7,5 миллион теңгеден, яғни 19,6 мың доллар бөлінді.
Үгіт түрлі тәсілдермен жүргізіледі: билбордтардан бастап бұқаралық ақпарат құралдарына дейін. Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен кездесулер, сұхбат, дебаттар, шерулер, митингілер және өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді, ал Қазақстанның жаңа президентінің есімі 16 маусымға дейін белгілі болады.