Келіссөздердің мақсатты тақырыбы – өңірлік азаматтық авиацияны дамыту. Бұл кездесудің бастамашысы “Сомон Эйр” азаматтық авиация агенттігінің қолдауымен, Тәжікстан Үкіметі және Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы болып табылады,деп хабарлайды kaztag.info.
Кездесуге бірнеше қазақстандық “SCAT”, “QAZAQ Air” және “Эйр Астана”, “Uzbekistan Airways”, “Сомон Эйр” және “Авиа Траффик”авиакомпанияларының басшылары қатысады.
Кездесудің басты тақырыбы аймақтық авиацияның ағымдағы артықшылықтарын және алдағы жылдарға арналған экономикалық перспективаларды шолу болмақ. Бұдан басқа, “ақылды реттеу” және оны Орталық Азия елдерінде қолдану туралы мәселені талқылау жоспарлануда.
Ұшу қауіпсіздігі, IATA (IOSA) пайдалану қауіпсіздігі аудитін ұлттық реттеуге қосу, сондай-ақ пайдалану сипаттамаларына негізделген навигация тақырыптары да талқылануы тиісті. Отырыстың басты мәселелері авиаотынмен тұрақты қамтамасыз ету және өңірдегі әуежай алымдарын талдау және т.б. болмақ.