Қазақстан мен Ресей компанияларының басшылығы біздің республика аумағында ресейлік бронеавтобильдерді құрастыруды өрістетуге келісті, деп kursiv.kz информресурс хабарлайды.
Әңгіме бронемашиналардың әзірлеушісі болып табылатын “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС және “Военно-промышленная компания” ЖШҚ туралы болып отыр.
“ВПК” ЖШҚ бас директоры Александр Красовицкийдің айтуынша, “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг”ЖШС аумағында бронеавтобиль өндірісін жолға қою жоспарлануда.
Ол сондай-ақ екі бауырлас мемлекеттің компаниялары техника өндірісінде ғана емес, ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында да өзара іс-қимыл жасауға уағдаласқанын айтты.
Красовицкий Қазақстан мен Ресей компаниялары арасындағы ынтымақтастық олардың өнімдерін ілгерілетуге ықпал ететінін, сондай-ақ Қазақстан-Ресей одақтастық қатынастарына оң әсер ететінін атап өтті.
“Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС — брондалған автомобильдер шығаратын кәсіпорын. Зауыт жыл сайын 120-дан астам техника шығарады.
Сурет: kursiv.kz