Қазақстан мен Ресей компанияларының басшылығы біздің республика аумағында ресейлік бронеавтобильдерді құрастыруды өрістетуге келісті, деп kursiv.kz информресурс хабарлайды.
Әңгіме бронемашиналардың әзірлеушісі болып табылатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС және «Военно-промышленная компания» ЖШҚ туралы болып отыр.
«ВПК» ЖШҚ бас директоры Александр Красовицкийдің айтуынша, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг»ЖШС аумағында бронеавтобиль өндірісін жолға қою жоспарлануда.
Ол сондай-ақ екі бауырлас мемлекеттің компаниялары техника өндірісінде ғана емес, ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында да өзара іс-қимыл жасауға уағдаласқанын айтты.
Красовицкий Қазақстан мен Ресей компаниялары арасындағы ынтымақтастық олардың өнімдерін ілгерілетуге ықпал ететінін, сондай-ақ Қазақстан-Ресей одақтастық қатынастарына оң әсер ететінін атап өтті.
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС — брондалған автомобильдер шығаратын кәсіпорын. Зауыт жыл сайын 120-дан астам техника шығарады.
Сурет: kursiv.kz