Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру мәселелері бойынша түзетулер қабылданды

5 года назад
Почему Казахстан нуждается в новой индустриализации

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске уран өндіру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды.

Ақпан айының соңында түзетулерді Қазақстан парламенті қабылдады.

Заңға сәйкес, енді қазақстанда уран өндіру кезеңін ұзарту шарттары мен рәсімдері реттелетін болады, сондай-ақ кен орнын игеру жобасына сәйкес уран өндіру кезеңінде және келісімшарттық аумақ шегінде учаскені жете барлау жүргізілетін болады. Жаңа кен шоғыры немесе уран шоғырларының жиынтығы табылған кезде, оларды кен орнын игеру жобасына немесе уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына толықтыру шеңберінде бағалау жүргізілетін болады. Сондай-ақ уран өндіру саласындағы уәкілетті орган уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша құзыретті орган болып айқындалды.Егер кен орны қорының өсімі бастапқы көлемнің 30 және одан да көп пайызын құрайтын болса, жер қойнауын пайдаланушы өңірде әлеуметтік-экономикалық жоба іске асырылуға міндетті болады.

Бұған дейін депутат Ирина Унжакова қазір барлық жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар ескірген геологиялық деректер негізінде жұмыс істейтінін, олар қазіргі кезеңде уран қорларының өзін де, оның кен орындарының геологиялық құрылымын да қосымша зерттеуді талап ететінін хабарлаған болатын.

Уран кен орындарын барлау құзыретіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ие болды, ал өндіруді Энергетика министрлігі жүргізеді. Өкілеттіктердің осындай бөлінуіне байланысты жер қойнауын пайдаланушыларда келісімшарттық міндеттемелерді орындауда қиындықтар туындады.

Сондықтан заңмен 173, 176 және 278-баптарға толықтырулар енгізіледі, олар:

уран өндіру кезеңін ұзарту шарттары мен рәсімдерін реттеу; уран өндіру кезеңінде және келісімшарттық аумақ шегінде учаскені жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізу;

жаңа кен шоғыры немесе уран шоғырларының жиынтығы табылған кезде, оларды кен орнын әзірлеу жобасына немесе уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына толықтыру шеңберінде бағалау жүргізілсін.

Сондай-ақ толықтырулар уран өндіру саласындағы уәкілетті органды «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша құзыретті орган айқындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кен орны қорларының өсімі анықталғанда, жер қойнауын пайдаланушыларға әлеуметтік міндеттемелер бойынша түзету енгізілді.

Заңға уран өндірудің салдарын жою нормасы енгізілді, онда барлық технологиялық нысандарды жою жөніндегі іс-шаралар қамтылуға тиіс. Қазір мұндай тәжірибе бар, бірақ заңда оған міндетті құқықтық мәртебе беріледі, өйткені бұл халық үшін де, қоршаған орта үшін де радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Сондай-ақ жобалық құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізу процесін оңтайландыру және жыл сайын авторлық қадағалауды жүргізуде артық талаптарды алып тастау бойынша жаңа норма бар.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ-пен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

Келесі

Ақтөбе облысында полиция жүз қырық қаруды жойды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.