Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин біздің елімізде коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайда, қашықтан оқыту енгізілуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz ақпараттық ресурсы хабарлады.
Мұндай мәлімдемені Жандарбек Бекшин Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында айтты. Оның айтуынша, оқытудың мұндай тәсілін енгізу коронавирусты анықтаған кездегі шаралар тізімінде көрсетілген.
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Қазақстанда қашықтықтан оқыту енгізілсе, ол тек жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждерге де, кейбір мектептерге де қатысты екенін атап өтті.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан ғалымдары биылғы жылдың 11-16 наурыз аралығында Қазақстанда коронавирустың пайда болуын болжағанғын айтқан.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі біздің елде коронавирустық инфекция орнын алған жағдайда, билік бірден арнайы іс-шаралар жүргізетінін атап өтті.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, әзірше біздің мемлекетте коронавирус ауруы тіркелген жоқ.
Сурет: bragazeta.ru