Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік режимді 20 шілдеден 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.
“Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін Республикада шектеу шараларын тағы 2 аптаға – 20 шілдеден 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаймыз”, – деп хабарлады Үкімет басшысы.
Ол атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда қатаң шектеу карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр, аурушаңдық деңгейі біртіндеп тұрақтанып келеді.
“Мен барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Белгіленген шараларды орындау өте маңызды. Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге және мүдделі мемлекеттік органдарға карантинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыру қажет”, – деді премьер-министр.
Сондай-ақ, Асқар Мамин біздің республикамызда дәрі-дәрмектердің қажетті қоры бар, ол үнемі толықтырылып отырады.
“Оларды дәріханалық желілер мен стационарлар бойынша нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету керек”, – деді ол.
Бұдан басқа, карантин режимін ұзартудан мұқтаж азаматтарға 1 ай үшін 42,5 мың теңге жәрдемақы төлеуге ниетті. Бұл төлем жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ қызметі карантин енгізумен шектелетін өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде жүргізіледі.