Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту туралы айтып берді.
Ол 2020 жылдың қазан айында ведомство фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдағанын еске салды.
“Фармацевтикалық кәсіпорындардың клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге, сондай-ақ GMP стандарттарын енгізуге арналған шығыстарын субсидиялау мәселесін пысықтау жоспарлануда. Бұл ЕАЭО нарығында дәрілік заттарды тіркеу бойынша отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Сондай — ақ, дәрілік заттардың құнын төмендету мақсатында біз бірқатар импортталатын субстанциялар мен шикізатқа кедендік баждарды төмендету мәселесін қараудамыз”, – деп ИИДМ басшысы Сенаттағы Үкімет сағатында хабарлады.
Министр сондай-ақ химия өнеркәсібі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған дамудың Жол картасы бекітілетінін айтты.
Сурет: zakon.kz