Факты истории

Қазақстанда дәрілік шикізатқа баж салығы төмендетіледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту туралы айтып берді.

Ол 2020 жылдың қазан айында ведомство фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдағанын еске салды.

«Фармацевтикалық кәсіпорындардың клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге, сондай-ақ GMP стандарттарын енгізуге арналған шығыстарын субсидиялау мәселесін пысықтау жоспарлануда. Бұл ЕАЭО нарығында дәрілік заттарды тіркеу бойынша отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Сондай — ақ, дәрілік заттардың құнын төмендету мақсатында біз бірқатар импортталатын субстанциялар мен шикізатқа кедендік баждарды төмендету мәселесін қараудамыз», — деп ИИДМ басшысы Сенаттағы Үкімет сағатында хабарлады.

Министр сондай-ақ химия өнеркәсібі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған дамудың Жол картасы бекітілетінін айтты.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости