Біздің республикамыздың денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният жақын арада Қазақстанда ақылы жедел жәрдем бригадалары пайда болатынын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары бұл мәлімдемені Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасады. Ол бригадалар азаматтарға коронавирусқа талдау алу үшін баратынын айтты. Зерттеу жүргізілгеннен кейін нәтижелері учаскелік дәрігерге беріледі.
«Қазір емханалар мен жедел жәрдем қызметінде мобильді бригадалар құрылып жатыр. Олардың тарифі бекітілді, ол 5 400 теңгені құрайды», – деді Ажар Гиният.
Бұл жөнінде Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой да өз ойын айтты. Ол көшпелі мобильді бригадалар жеңіл ағымды вируспен ауырған азаматтарға көмек көрсететінін айтты.
«Қазір мұндай 380 бригадалардың санын үш мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда», – деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 44075 жағдайы ресми түрде расталды, олардың ең көп саны Алматыда анықталды, атап айтқанда 5902 жағдай.
Сурет: caravan.kz