Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстан Республикасы мен Польша Сыртқы істер министрлерінің келіссөзі өтті

6 года назад
Прошли переговоры министров иностранных дел Республики Казахстан и Польши

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Польша Сыртқы істер министрі Яцек Чапутовичпен келіссөз жүргізді. Министрлер кездесуі Варшавада өтті, кездесу кезінде Бейбіт Атамқұлов пен Яцек Чапутович бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Бейбіт Атамқұлов пен Яцек Чапутович өзара тиімді ынтымақтастық мәселесін талқылады. Елдер өзара жақсы қарым-қатынаста. Екі министр де ауыл шаруашылығы, машина жасау, туризм, сондай-ақ көлік-логистикалық сектордағы ынтымақтастық екі тарап үшін тиімді жағдай болады деген қорытындыға келді.

«Біздің қарым-қатынастарымыздың дамуына Қазақстанның Польша азаматтары үшін визалық режимді алып тастауына, сондай-ақ 2017 жылдың мамырынан бастап біздің астаналарымыз арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға елеулі үлес қосты. Мен Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-қатынастың ашық сипатын растағым келеді. Біз Варшаваны орталық және Шығыс Еуропа өңірінде ғана емес, сонымен қатар Еуропалық Одақтың барлық кеңістігінде біздің басты әріптесіміз деп санаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуданың 2016-2017 жылдары мемлекеттік сапарларымен алмасуы ынтымақтастыққа қуатты серпін берді», – деді Бейбіт Атамқұлов.

«Біз ынтымақтастығымызды дамытқымыз келеді. Министрмен кездесу барысында біз көптеген тақырыптарды талқыладық. Олардың бірі көлік — логистикалық әлеуетті дамыту. Қазақстан мен Польша арқылы Жібек жолы өтеді. Біз жолдар мен теміржолдарды біріктіріп, осы бағытты дамытуымыз керек. Сондай-ақ біздің Гданьск қаласындағы портты Азия тауарлары үшін маңызды хаб ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы айттық», — деді Яцек Чапутович.

Келіссөздер барысында Министрлер жалпы бір пікірге келді және Варшавадағы кездесулерге өте риза болды.

Сурет: 24.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ермек Маржықпаев Қоғамдық кеңеске есеп берді

Келесі

Алматыда жаңа қоғамдық штаб ашылды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.