Алматы қаласында өңірлік қоғамдық штаб ашылғаны белгілі болды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидат Амангелді Таспиховтың штабы.
Аймақтық қоғамдық штабты кәсіподақ Федерациясы ұсынды. Бұл ұйым 22 салалық, 16 аумақтық бірлестіктер мен 18 мың бастауыш ұйымдарды біріктіреді. Сондай-ақ жақында Орталық сайлау алды штаб құрылғаны белгілі болды. Сайлау алдындағы штаб басшысы қызметі Федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайымға берілді. Сондай-ақ, Әбдірайым барлық өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіретін болады. Естеріңізге сала кетейік, өңірлік қоғамдық штабтар барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ашылды.
“Бүгінгі таңда барлық ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар шешілді. Желілік кесте жасалады – ол нақтылануда. Біз 100-ден астам іс-шараны жоспарладық. Барлық сенімді тұлғалар мен бақылаушылар орталықтарын қалыптастырамыз. Сенім білдірілген тұлғалар саны – 111. Ал бақылаушылар саны-300 адам”, – деді қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Зәуреш Өмірбаева.
Сурет: azzattyg.ru