Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері биылғы жылдың көктемінде Павлодар мен Кемерово қалалары арасында автобус қатынасы іске қосылады деп хабарлады. Жолаушылар тасымалымен ресейлік «Кузбасспассажиравтотранс»компаниясы айналысады.
«Кемерово автовокзалынан рейстер 12.05-те, ал Қазақстаннан — 14.30-да жүретін болады. Ересектер билетінің құны — 2260 рубль, балаларға — 1130. Жол жүру уақыты шамамен 15 сағат. Бұған дейін Павлодарға автобустпен Новосибирск қаласынан ғана жетуге болатын», — деді Қазақстан елшілігінің қызметкерлері.
Сулет: tengrinews.kz