Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде республикада жаңа елшінің тағайындалғаны туралы ақпарат таратты. Ол Уильям Мозер.
“Уильям Мозер мырзаны ант беріп, Қазақстандағы АҚШ Елшісі қызметіне кірісуімен құттықтаймыз! Жақын арада оның келуін күтеміз”,-делінген елшіліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
АҚШ президенті Дональд Трамп Уильям Мозердің кандидатурасын 2018 жылдың тамыз айында Қазақстандағы америкалық елші қызметіне ұсынды.
Уильям Мозер 1984 жылдан бастап дипломатиялық қызметте. Ол Украина, Қазақстан, Египет, Суринам және Мали қалаларындағы АҚШ елшіліктерінде қызмет етті. 2011-2015 жылдары Молдавияда АҚШ елшісі болды. Соңғы жылдары ол бүкіл әлем бойынша АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік Департамент басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Уильям Мозер орыс, француз және неміс тілдерінде еркін сөйлейді.
Сулет: news.mail.ru