“KazakhExport” ЭСК АҚ баспасөз қызметінің қызметкерлері, алғаш рет макарон өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға маманданған қазақстандық өндіруші, “Наша чаша”, “Grito”, “Лагман по-дунгански” сауда маркаларымен шығатын тез дайындалатын кеспелерді Ресей Федерациясына жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
“Аманат Сауда Үйі” ЖШС 2005 жылдан бастап Рудный қаласында тез дайындалатын кеспе шығарады. Шағын мерзім ішінде кәсіпорын ұнды қайта өңдеу, макарон өнімдерін өндіру бойынша өндірістік цех жұмысын жолға қойып, Қазақстандағы мықты жетекші орындардың бірі болды.
Зауыт цехтары жоғары сапалы кеспе шығаруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Барлық өнім Қазақстанның солтүстік аймақтарында өсірілген мұқият өңделген астықтан өндіріледі.
Сыртқы нарыққа шығу кезінде коммерциялық және саяси тәуекелдерді жою үшін кәсіпорын экспорттық-сақтандыру компаниясына жүгінді. “KazakhExport” жалпы сомасы 1,5 млн рубльге экспорттық несиені сақтандыру арқылы отандық өндірушіге қолдау көрсетті және қаңтар айының соңында Рудный экспортері Ресей Федерациясына тез дайындалатын кеспенің бірінші партиясын жөнелтті.
Сулет: forbes.kz