Медициналық комиссия ел көшбасшысы лауазымына сайланатындардың денсаулығын тексереді, деп хабарлайды ustinks.kz.
Қазақстанда президенттікке кандидаттарды медициналық зерттеудің мәні тек психикалық денсаулық болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
А”Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Президенттігіне кандидаттарды тіркеуге кедергі келтіретін аурулар тізбесі бекітілді. Бұл тізім ақыл-ойдың, есте сақтау қабілетінің елеулі бұзылуы және өзіне және басқа адамдарға қауіпті болып табылатын сандырак көріністері, галлюцинация қауіпі”, – деп мәлімдеді жұма күні журналистерге Ақтаева.
“Тізбе 107 психикалық аурулардан тұрады. Тиісінше, медициналық қорытынды психиатр дәрігердің тізбеде көрсетілген ауруларды растау, анықтау немесе жоқтығын белгілеуден тұрады.”- деп түсіндірді Ләззат Ақтаева.
Сурет: informburo.kz