Эхо Қазақстан
  • Басты
  • Сараптамалар
  • Ынтымақтастық
  • Саясат
  • Экономика
  • Жаңалықтар
    • Сыбайлас жемкорлык
    • Тарих фактілері
    • Мәдениет
  • РусскийРусский
Бейсенбі, 22.05.2025
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
  • Басты
  • Сараптамалар
  • Ынтымақтастық
  • Саясат
  • Экономика
  • Жаңалықтар
    • Сыбайлас жемкорлык
    • Тарих фактілері
    • Мәдениет
  • РусскийРусский
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Білім

Қазақстан Президенті білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

7 жылдар назад
Қазақстан Президенті білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Жиын барысында отандық білім беру жүйесін биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың бағыттарына сай одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды 24.kz

– Біздің барлық даму жоспарларымызда ғылым саласына зор мән беріледі. Ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты. Егер білім беру жүйесін оның алғашқы сатысынан бастап дамытпасақ, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл үдерісте Білім және ғылым министрлігі басты рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс нәтижелеріне тоқталды.

– Соңғы 2 жылда білім мен ғылым жүйесіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 22 пайызға өсіп, 2 триллион теңгеден асты. Мектепке дейінгі білім беру саласында 3–6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 95 пайызға жетті.

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

Орта білім беру ісінде оқушылардың 70 пайызы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытылуда. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 205 мыңнан астам мұғалімнің еңбекақысы 30 пайызға өсті. 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы техникалық және кәсіптік бейіндегі 583 колледжде «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылып келе жатқанын айтып, жоғары білім беру саласында университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту үшін заң қабылданғанын атап өтті.

– Біз алдымызға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойдық. Жалпы, 2018 жылы ғылымға бөлінген қаражат көлемі 43,7 миллиард теңгені құрап отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жоспарланған шаралар білім беру жүйесінің барлық деңгейінде – бастапқы сатыдан жоғары оқу орнында оқығанға дейін көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Жиында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев білім саласын биылғы Жолдау бағыттарына сай жетілдіру жөнінде баяндама жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев министрдің мәліметін назарға алып, отандық білім беру жүйесіндегі бірқатар проблемаларға және шешімін табуға тиіс міндеттерге тоқталды.

– Балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту керек. Бұл мәселемен Үкімет те, әкімдіктер де айналысуы қажет. Сондықтан Үкіметке 3 жылда еліміздегі барлық 55 мың тәрбиешінің біліктілігін арттыруды тапсырамын, – деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті орта білім беру ісін жаңартылған мазмұнға көшіруді 2021 жылға қарай аяқтауды тапсырды. Осыған байланысты зияткерлік мектептердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа бағдарламалар, сапалы оқулықтар, сондай-ақ, кадрлар даярлау жүйесін енгізу қажеттігі атап өтілді.

– Оқушылар мен ата-аналарды артық оқу жүктемесінен босату керек. Жергілікті жерлердегі орта білім берудің проблемаларын сапалы түрде шешу мәселесіне бүкіл өңірлердегі әкімдердің назарын ерекше аударғым келеді.

Әкімдіктер оқушылардың дамуы мен білім алуы үшін мектеп асханаларындағы сапалы тамақтан бастап балалардың мектепке қатынауына дейін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауы қажет. Әрбір баланың біліміне жұмсаған күш-жігеріміз – еліміздің жарқын болашағына салған инвестиция, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған нақты ынталандыру шараларын енгізе отырып, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын тиянақты дайындау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті мұғалім қай кезеңде де Қазақстан қоғамында ерекше орын алғанын айтты.

– Білім беру ісінің барлық деңгейінде жеке сектормен серіктестікті дамытқан жөн. Мектептерде жан басына қатысты қаржыландыру жүйесін енгізуді жалғастыру қажет. Мұндай тәсіл білім беру саласындағы жеке капиталдың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – әлемдік үрдіс. Сондай-ақ, бақылаушы органдар тарапынан мектептерге жүргізілетін сансыз тексерулерді шектеу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мұғалімдер жұмысының тиімділігін арттыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын айтты. Осыған орай, педагогтердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, оқушылардың ішкі тәртібіне қатысты ережелердің бұзылуына жол бермеу қажеттігіне баса мән берілді.

– Оқушылар мұғалімдерді тыңдауға және құрметтеуге тиіс. Ата-аналар мен оқытушылар балаға екі жақтан бақылау жасауы керек, – деді Елбасы. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің проблемаларына тоқталып, өңір әкімдеріне осы мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Атап айтқанда, Елбасы осы мақсатпен 123 мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін еске салды. Нұрсұлтан Назарбаев халыққа тегін техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысына тоқталды.

– Былтырдан бастап барлық азаматтар үшін тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Біздің міндетіміз – алғашқы жұмысшы мамандығына баулу. Сонымен қатар, бұл мамандықтар экономикада сұранысқа ие болуға тиіс. Техникалық және кәсіптік білім беру ісінде студенттердің 12 пайызы ғана дуальды біліммен қамтылған. Колледждерді материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету проблемасы толық шешімін таппай отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Осы саладағы мәселелерді шешу үшін техникалық және кәсіби білім беру ісін жаңғырту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау, сондай-ақ, дуальды білім берудің үлесін арттыру қажеттігі айтылды.

– Жоғары білім саласында университеттерге академиялық еркіндік пен дербестік берілген, тиісінше жауапкершілік те артты. Енді, жоғары оқу орындары алдына өз түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде мәселе қою керек. Егер түлектері жұмыс таппаса, онда оқу орны өзінің міндетін атқармай отыр деген сөз, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылдың аяғына дейін кем дегенде 75 мың орынға арналған студенттік жатақхана салу жөніндегі тапсырманың уақтылы орындалуы маңызды екенін атап өтті.

– Білім берудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан қабылданған шаралар жөнінде халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Қазақстандықтар қолға алынып жатқан бастамалардың мәнін түсініп, оған атсалысу үшін халықпен тиімді тығыз байланысты ұдайы ұстану қажет.

Мемлекеттің барлық бастамалары халқымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған. Жұрттың сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандығы мен лайықты жұмысы болғанда ғана әл-ауқатымыз артады, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне белгіленген міндеттердің бәрінің сапалы орындалуына бақылау жасауды тапсырды Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі.

Белгілер: білім беруҚазақстанНазарбаев
Новости СМИ2
Алдыңғы

Елбасы бірқатар жаңа қаулыларға қол қойды

Келесі

"Мұндай құрметтің керегі жоқ": Алматы облысында алтын алқа иегерлерінің жиыны жанжалға ұласты

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Жаңалықтар

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43
Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12
Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18
Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Жаңалықтар

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41
Келесі
“Мұндай құрметтің керегі жоқ”: Алматы облысында алтын алқа иегерлерінің жиыны жанжалға ұласты

"Мұндай құрметтің керегі жоқ": Алматы облысында алтын алқа иегерлерінің жиыны жанжалға ұласты

Cараптамалар

На бумаге средняя зарплата казахстанцев уже более двухсот двадцати тысяч тенге
Жаңалықтар

Қағаз жүзінде қазақстандықтардың орташа жалақысы екі жүз жиырма мың теңгеден асады

14/05/2021 13:01
Әділдікке қол жеткізе алмады ма?
Жаңалықтар

Әділдікке қол жеткізе алмады ма?

13/05/2021 22:31
Эксперт: Каспий может повторить судьбу Арала и Балхаша
Жаңалықтар

Сарапшы: Каспий Арал мен Балқаштың тағдырын қайталауы мүмкін

13/05/2021 20:01

Таңдаулы апта

    Cоңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
    Жаңалықтар

    Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

    29/05/2021 17:43
    Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
    Жаңалықтар

    Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

    29/05/2021 15:12
    Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
    Жаңалықтар

    Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

    29/05/2021 10:18

    Ынтымақтастық

    Ресей ЕАЭО-да қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлардан кедендік алымдар алмайды
    Жаңалықтар

    Ресей ЕАЭО-да қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлардан кедендік алымдар алмайды

    17/03/2021 12:31
    Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады
    Жаңалықтар

    Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

    12/03/2021 09:31
    Ресей ҚП мүшелері мен еліміздің қоғамшылдары сайлауды бақылау тәжірибесімен бөлісті
    Жаңалықтар

    Ресей ҚП мүшелері мен еліміздің қоғамшылдары сайлауды бақылау тәжірибесімен бөлісті

    04/03/2021 12:30

    Ардагерлер

    В Нур-Султане предложили выплатить миллион тенге ветеранам ВОВ ко Дню Победы
    Ардагерлер

    Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне миллион теңге төлеу ұсынылды

    15/02/2021 16:35
    Ардагерлер

    Атырауда қазақстандық қызыл әскерді соңғы сапарға шығарып салды

    15/12/2020 13:38
    В Нур-Султане раздали продуктовые наборы ветеранам Великой Отечественной войны
    Ардагерлер

    Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне азық-түлік жиынтықтары таратылды

    02/11/2020 17:13
    • Басты
    • Сараптамалар
    • Ынтымақтастық
    • Саясат
    • Экономика
    • Жаңалықтар

    Ehonews.kz © 2018

    No Result
    View All Result
    • Басты
    • Сараптамалар
    • Ынтымақтастық
    • Саясат
    • Экономика
    • Жаңалықтар
      • Сыбайлас жемкорлык
      • Тарих фактілері
      • Мәдениет

    Ehonews.kz © 2018