Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында БҰҰ жаңа ғимаратында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
БҰҰ-ның жаңа ғимаратында ірі халықаралық ұйымның он жеті аймақтық бөлімшесі орналасқан. Тоқаев Қазақстан Республикасы халқтарының бірлігі күні жаңа ғимартқа бару символдық мәні бар екенін атап өтті.
Сапар барысында Тоқаев “Республика БҰҰ қағидаттарына сүйеніп, қауіпсіздік және адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық ұйыммен өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыратынын” мәлімдеді.
Мемлекет басшысы жаңа ғимарат БҰҰ мүддесіне қызмет ететінін, ал ұйым бұрыннан “барлық елдер үшін ортақ үй” деп саналатынын атап өтті.
Ол, сондай-ақ, ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді.
БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура сапар үшін Тоқаевқа алғысын білдіріп, жаңа ғимарат- Алматының сыйлығы – заманауи және өте ыңғайлы екенін атап өтті. Ол жаңа ғимарат-БҰҰ мен Қазақстанның берік достығының және ынтымақтастығының нағыз символы екеніне сенім білдірді.
Жаңа ғимаратпен танысып, Тоқаев БҰҰ аймақтық бөлімшелерінің кеңсесі мен өкілдігінде орналасқан кітапханаға барды. Ол БҰҰ мамандарымен әңгімелесіп, олардың жұмысының ерекшеліктері туралы білді.
Сурет: Sputniknews.kz