Қазақстандық министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин Өзбекстан әріптесі Абдулла Ариповпен кездесті. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу Маминнің Өзбекстанға ресми сапары аясында өтті.
Қазақстан Үкіметі басшысы екі көрші республикалар көшбасшыларының күш-жігерінің арқасында біздің ел мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Кездесу барысында премьер-министрлер екі мемлекет арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік және су-энергетика салаларындағы өзара іс-әрекетті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесуде машина жасау, туризм және экология салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге байланысты мәселелер көтерілді.
Сурет: Zakon.kz