Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан министрліктерінің басшылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық, шекара маңы және су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Атамқұлов пен Айдарбеков алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырып,оған дайындықты егжей-тегжейлі талқылады.
Кездесу соңында екі бауырлас елдің министрлері сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейінде одан әрі сындарлы диалогқа ниет білдірді.
Сурет: 24.kz