Факты истории

Қазақстан мен Пәкістанның әскери қызметшілері бірлескен оқу-жаттығу өткізуде

Қазақстан мен Пәкістанның арнайы бөлімшелері Қазақстанның «Жаңа Ахмир» полигонында DOSTARYM-2019 бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын өткізуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс ведомствосының ақпараты бойынша, оқу-жаттығу екі кезеңге бөлінген, олардың әрқайсысында тиісті міндеттер бар. Қазақстан мен Пәкістанның арнайы бөлімшелері оқу іс-шарасы барысында заңсыз қарулы топтарды тауып, оларды жоюды пысықтауда.

Оқу-жаттығулардың басты мақсаты әскери қызметшілердің терроризмге қарсы күрестегі дағдыларын арттыру болып табылады. Бұл әскери іс-шара еліміздің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

Сурет: Ca- news.org

Ещё в ленте

Все новости