Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері шекаралас аудандардағы қылмыстық жағдайды жақсарту мәселесін талқылады

5 года назад
Министры внутренних дел Казахстана и Кыргызстана обсудили улучшение криминогенной обстановки в приграничных районах

Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрлері Ерлан Тұрғымбаев пен Ұлан Ниязбеков Алматыда кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында екі елдің полиция ведомстволарының басшылары бірлескен күш-жігерді одан әрі үйлестіру және трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ішкі істер органдарының жұмысын жандандыру, ақпарат, оның ішінде жедел, криминалистикалық, құқықтық ақпарат алмасу туралы ниеттерін растады», — делінген сенбі күнгі хабарламада.

Қырғызстан ІІМ басшысы Қазақстандағы ішкі істер органдарын жаңғырту, оның ішінде полиция қызметін сандандыру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен өзара іс-әрекетті, ведомстволық білім беру реформасы мәселелерін жолға қою, сондай-ақ азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру және олармен тиімді кері байланыс орнату мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.

«Қазіргі заман талабына сай Қырғызстанда, Қазақстандағы сияқты, сот-құқық жүйесін, оның ішінде ішкі істер органдарын реформалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі кездесу Ішкі істер органдарының қызметін реформалау саласында оң тәжірибе алмасуда табысты болатынына сенімдімін. Біз ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз және өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынамыз», — деді Ниязбеков.

Жедел-іздестіру қызметі бойынша ынтымақтастық оң нәтижелі екендігі атап өтілді. Өткен жыл және ағымдағы жылдың үш айында Қазақстанда қылмысқа қатысы бар 35-тен астам тұлға анықталды. Қырғызстан милиция қызметкерлері іздеу жарияланған 17 күдіктіні ұстады.

Тұрғымбаев жуырда ғана Алматыда бірлескен арнайы операция нәтижесінде автокөліктер бойынша бірқатар алаяқтыққа қатысы бар ҰҚТ мүшелерінің бірі ұсталғанын хабарлады. Бірқатар тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін, ол көрші республикаға экстрадицияланады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара маңы ынтымақтастығы дамып келеді. Алматы және Жамбыл облыстарының аумақтық полиция бөлімшелері көршілес республиканың Ыстықкөл, Шу және Талас облыстарындағы қырғыз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста.

«Екі елдің ішкі істер органдарының ынтымақтастығы жоғары деңгейде. 2015 жылдан бастап үйлестіру жұмыс тобы жұмыс істейді, оның құрамына әкімшілік, криминалдық полиция, көші-қон қызметі және басқа да бөлімшелердің өкілдері кіреді. Біздің мамандар бірлескен операциялар мен іс-шараларды жүргізеді, қылмыстарды бірге зерттейді, қылмыстық топтардың әрекеттерін, есірткі тасымалдауды, заңсыз көші-қон арналарын анықтап, жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтап қалмауы тиіс, өйткені ішкі қауіпсіздік қана емес, жалпы Орталық Азия өңірі де осыған байланысты», — деп атап өтті Тұрғымбаев.

Тараптар екі елдің полиция ведомстволары қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде оның трансұлттық және ұйымдасқан түрлері бойынша өзара тығыз іс-қимылды жалғастыратынын атап өтті.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Түркістан әуежайынан халықаралық рейстер саны көбейді

Келесі

Балалар әл-ауқатының қазақстандық индексін енгізу бойынша жоба басталды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.