Қазақстан Республикасының “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы табиғи уранды Аргентинаға жеткізуді жүзеге асыратын болады. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазатомөнеркәсіптің” өкілдері биылғы жылдың ақпан айында Аргентиналық Dioxitek компаниясының уран жеткізу тендерінде жеңімпаз болғанын айтты.
Осыған байланысты Dioxitek компаниясы “Қазатомпроммен” осы елдің атом энергетикасының қажеттілігі үшін табиғи уранды жеткізуге келісім жасады.
Бұл келісім “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының әлемдік ядро нарығындағы беделін көрсетеді. Бұл ретте қол қойылған құжат Қазақстан мен Аргентинаның атом саласындағы ынтымақтастығын жаңғыртуға ықпал етеді.
“Қазатомөнеркәсіп” – әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылатын Қазақстанның Ұлттық компаниясы.Оның штаб-пәтері Нұр Сұлтанда орналасқан.
Бүгінгі таңда біздің республика уран өндіру бойынша жетекші позицияны сақтауда, ол әлемдік уран өндірісінің 40%-ын өндіреді.
Сурет: atomic-energy.ru