Бүгін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өткізген онлайн-брифингте оңтүстік астанадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды “Қазақпарат” ақпарат агенттігі.
Алматы санитарлық дәрігерінің айтуынша, қазір қалада барлық жұқтыру ошақтары, соның ішінде қалалық орталық клиникалық ауруханада оқшауланды. Бекшин атап өткендей, учаскелерде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді.
Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин тұрғындарды тестілеуді кеңінен қамту COVID-19 симптомсыз ауру жағдайларын анықтауға және жұқтырудың жаңа ошақтарын анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ, онлайн-брифинг барысында бас сандәрігер қазір Алматыда COVID-19 ауруының 1356 оқиғасы тіркелгеніне назар аударды. Бұл ретте оңтүстік астанада жұқтырғандардың нақты саны қала тұрғындарының жалпы санының 0,06%-ын құрайды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, біздің республикада коронавирусты жұқтырудың 4179 жағдайы ресми түрде тіркелді.
Бұған дейін Қазақстанның төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жауап беретін мемкомиссиясы 4 мамырдан бастап елімізде карантиндік шараларды жеңілдету шешімін қабылдағанын хабарлаған.
Сурет: gazweek.kz