Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік тілді білуге емтихан тапсырды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА.
26 сәуірде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының XIV кезектен тыс съезінде партия өз кандидатын ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынған болатын.
Партия мүшелері Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековтың кандидатурасын 9 маусымда өтетін ҚР Президенті сайлауына бірауыздан қолдады.
Сурет: zakon.kz