Қазақстан министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин бейнеконференцбайланыс режимінде Үкіметтің селекторлық отырысын өткізді.Оның барысында республикадағы бизнес ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар талқыланды. Бұл туралы tengrinews.kz ақпарат агенттігі жазады.
Бейнеконференцияға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Руслан Дәленов біздің республикамызда 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35%-ға дейін жеткізу міндеті қойылғанын еске салды.
Асқар Мамин өз кезегінде осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 43 қосымша шараларды қамтитын іс-шаралар жоспары құрылғанын баса атап өтті.
Премьердің айтуынша, бұл жоспарда ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін жеңілдету және қазақстандық тауарлардың экспортын дамыту көзделген.
Асқар Маминнің айтуынша, жоспарды жүзеге асыру кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бизнес ахуалын жақсартуға ықпал етеді.
Селекторлық отырысты қорытындылай келе, министрлер кабинетінің басшысы мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бұл жоспарды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы тиіс деп мәлімдеді.
Сурет: sputniknews.kz