Қазақстан өкілдері Украинадағы халық депутаттарының сайлауына бақылаушы болады. Бұл туралы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
19-22 шілде аралығында Қазақстанның алты өкілі сайлауды бақылайтын болады. Олардың үшеуі Украинаның Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен және тағы үшеуі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында.
Қазақстан ОСК бақылаушылар делегациясын төраға орынбасары Константин Петров басқарады.
Қазақстандық өкілдер Киев, Днепропетровск, Запорожск және Сум облыстарындағы сайлауды бақылайтын болады. Парламент сайлауы 21 шілдеде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский халыққа үндеу жолдап, Жоғарғы рада таратылады деп мәлімдеді. Осыдан кейін Зеленский Жоғарғы Радаға мерзімінен бұрын өтетін сайлау туралы жарлыққа қол қойды.
Сурет: Yandex.ru