Тәжікстан астанасында “Тәжікстан – Қазақстан” іскерлік кеңесінің отырысы өтті, оған машина жасау, құрылыс, телекоммуникация, медицина, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласындағы экспорттаушы компаниялардың қазақстандық өкілдері қатысты.
Отырыстың басты мәселесі Тәжікстан мен Қазақстан кәсіпкерлері арасында тікелей байланыс орнату мәселесі болды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін қарастырды.
Тәжікстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзода ұйымдастырылған іс-шара екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын хабарлады.
Өз кезегінде, Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Асқар Тәжібаев біздің еліміз Тәжікстанмен бұрыннан ынтымақтасып, өзара қарым-қатынас көрсеткіші жақсы деңгейде екенін мәлімдеді.
«Қазір Қазақстан – тауар айналымы бойынша Тәжікстанның екінші серіктесі, жақын арада біз жетекші орынға ие боламыз деп үміттенеміз. Мемлекеттер арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы шамамен 900 миллион долларды құрайды. 2022 жылға дейін екі ел арасындағы тауар айналымын екі миллиард долларға дейін жеткізу жоспарлануда », – деді Асқар Тәжібаев.
Сондай-ақ, отырыс барысында Тәжікстаннан келген “Барақати және Истиклол” ЖШҚ және Қазақстаннанның “Түрген-экопродукт” компаниялары арасында келісім-шарттарға қол қойылды.
“Біз экоөнімдер, бал, тікелей сығылған ерекше шырынды джемдерді өндірумен ұзақ уақыт айналысамыз. Біздің өнімдер БАӘ, Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанда сатылады. Енді біз Тәжікстан нарығын игеруге тырысып көргіміз келеді, оны біз кездейсоқ таңдап алған жоқпыз, мұнда бұрынғы серіктестеріміз бар”, – деді “Тургень-экопродукт” Қазақстан компаниясының экспорттық директоры Эльмира Теміралиева.
Қазақстан компаниясының директорының айтуынша, өнімді Тәжікстанға ағымдағы жылдың қыркүйек айында жеткізуді жоспарлап отыр. Ол барлығы көлікке байланысты болатынын ескертті.