Бүгін Амманда Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Туматов Абдалла II патшасына сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсім “Басман” патша сарайында өтті. Іс-шара барысында Тұматов Қазақстан екі мемлекет арасындағы екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.
Патша Иордания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді және біздің мемлекетіміздің жоғары басшылығына сәлем жолдады.
Монархқа Қазақстандық елшіден басқа, сенім грамоталарын Беларусь, Греция, Еуроодақ, Үндістан, Катар, Марокко, Франция және Чили елдерінің төтенше және өкілетті елшілері табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 20 жыл бойы қолдау тауып келеді. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3 миллион долларды құрады.