Қазақстанның Даму банкінің төрағасы Абай Сарқұлов өзі басқарып отырған қаржы институтының биылғы жылға жоспарлары туралы айтты.
Бұл Банктің қызметі ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған. Ол ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін жобаларға инвестиция салады.
Сарқұлов 2021 жылы өзі басқарып отырған банк Қазақстан экономикасына шамамен 439 миллиард теңге – бір миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
“Бізде барлығы нарық жағдаятына байланысты. Біз, негізінен, дайынбыз, бізде халықаралық капитал нарықтарында да, Қазақстанда да ақша тартуда үлкен тәжірибе бар. Биыл жоспар бойынша біз шамамен 439 миллиард теңгені игеруді, яғни экономикаға инвестиция салуды жоспарлап отырмыз”, – деп атап өтті Сарқұлов.
Ашық дереккөздерден өткен жылы Қазақстанның Даму Банкі Қазақстандық экономика үшін маңызды 34 жобаны іске асыруды қаржыландыра отырып, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 506,2 миллиард теңге бағыттағаны белгілі.
Сурет: liter.kz