Қазақстан десанттық-шабуылдау әскерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Ресей астанасына келді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі.
Жеңіс шеруіне дайындық кезеңінде қазақстандық десантшылар “Звенигородский” әскери санаторийінде болады, одан тыс жерлерге шығуға болмайды, тек жаттығу үшін шығуға ғана рұқсат етіледі.
Мәскеуге ұшар алдында әскери қызметшілер коронавирус сынағынан өтті. Десантшылары COVID-19 сынағынан үш күнде бір рет өтіп отырады.
Әскери шеруге дайындық Мәскеу маңындағы “Алабино” полигонында өтеді. Бірінші жаттығу 15 маусымға жоспарланды.
Жеңіс күніне арналған Парад биылғы жылдың 24 маусымында Ресей астанасында Қызыл алаңда өтеді. Салтанатты іс-шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарлануда.
Бұрынырақ Қазақстанда індеттің таралуына байланысты 9 мамырда Жеңіс шеруін өткізбеу туралы шешім қабылданған болатын, ал Ресейде іс-шараның тек әуедегі іс-шарасы ғана өткен.