Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде 17 шілдеде, отандастарымызға Қазақстанға оралуға мүмкіндік беретін, Мәскеуден Алматыға кезекті реатриациялық авиарейс жоспарланғанын айтты.
Рейсті SCAT авиакомпаниясы орындайды. Біздің республикамыздың азаматтары билеттерді осы авиатасымалдаушының ресми сайтынан сатып ала алады.
Репатриациялық рейсті біздің отандастарымыздан басқа, Ресей Федерациясының және басқа мемлекеттердің азаматтары пайдалана алады.
Ұшар алдында барлық жолаушылар коронавирустық инфекцияға тест тапсырғанын растайтын анықтаманы міндетті түрде ұсынуы қажет.
Қазақстанның дипөкілдігінде, егер жолаушылардың мұндай анықтамасы болмаса, рейске жіберілмейтінін баса атап өтті.
Сонымен қатар, бүгін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға реатриациялық рейспен 147 жолаушы жеткізілді. Авиарейсті бауырлас елдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен SCAT авиакомпаниясы жүзеге асырды.
Сурет: amp.news.bigmir.net