Астаналық полицейлер қиын жағдайға тап болған ресейлік жігітке көмек көрсетті. Олар есіктері құлыпталып қалып, көлігін аша алмаған Ресей азаматына көмектесті. Бұл туралы Patrul.kz жазады.
“Мен машинадан шығысымен, есік құлыптары бұғатталып қалды. Кілттер ішінде қалды. Мен одан әрі не істеу керектігін түсінбедім. Маған сіздің қызметкерлеріңіз көмекке келді. Әр адам кезектесе есікті ашуға тырысты,біраздан кейін есік ашылды”, – деді ресейлік азамат.
Алғыс хатта ол аға лейтенант Н.Абу Асқарды, кіші сержант М. Хамзинді және қатардағы А.Атабаевты ерекше атап өтті
“Мен, Ресейден келген қонақ ретінде, полицейлердің азаматтардың жүгінуіне салғырт қарамайтынына таң қалдым. Мен Қазақстан Республикасында осындай жағымды сәттерге тап болғаныма мақтанамын”, – деп атап өтті Ресей азаматы.
Сурет:Informburo.kz